«Он-лайн балабақша» жобасының тұсаукесері
03-09-2021 11:18
«Он-лайн балабақша» жобасының тұсаукесері

2021 жылдың  қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Қарағанды облысының Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлерімен, Қарағанды облысының мектепке дейінгі қызметкерлер қауымдастығының мүшелерімен, ББД  ОӘО  шығармашылық тобымен семинар-кеңес өткізді.

ББД ОӘО әдіскері А.Д. Бугубаева семинарда «Он-лайн балабақша» жобасының 2021-2022 оқу жылына арналған мақсаттары, міндеттері мен жұмыс жоспары ұсынылған  тұсаукесерін өткізді.

Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері қауымдастығының төрайымы Б.Р. Қарашолақова әріптестеріне 2021-2022 оқу жылына арналған қауымдастық бойынша жұмыс жоспарын ұсынды.

Семинар-кеңеске 45 адам қатысты.