«Тіл - кемел болашақтың тұғыры» 5 қыркүйек Тіл мерекесіне арналған кездесу
03-09-2021 11:35
 «Тіл - кемел болашақтың тұғыры»  5 қыркүйек Тіл мерекесіне арналған кездесу

2021 жылдың  3 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында «Тіл - кемел болашақтың тұғыры» тақырыбында 5 қыркүйек Тіл мерекесіне арналған кездесу  өткізді.

Кездесу  ББД ОӘО директоры Абдикерова Бакиткул  Хималдиновнаның тілдің беделін көтеріп, оның арын арлап, жоғын жоқтап жүрген облыстың тіл жанашырларына мерекелік құттықтау сөзімен басталды.

Әдістемелік орталық директоры пандемия кезіндегі ұстаздардың ерен еңбегін атап өтіп, республикалық «ТЕЛЕ-САБАҚТАР» жобасы аясында көрсеткен шығармашылық ұстанымы, білім беруге қосқан жеке үлесі үшін берілген  ҚР Білім және ғылым  министрінің Алғыс хаттарын  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне табыстады. Сонымен қатар, Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығы атынан білім беруге қосқан үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқан әдіскерлер мен ұстаздарды Құрмет грамотасы және  Алғыс хаттармен марапаттады.

Кездесу Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жаканова Жұпар Рыскуловна мен Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№1 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Быкова Валентина Владимировнаның және ақын, ұстаз, Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жапбарқұлова Айнұрдың  құттықтау сөздерімен жалғасын тапты.