«Алаштың Ахметі» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
04-09-2021 14:26
«Алаштың Ахметі» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 4 қыркүйегінде  Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан Республикасы Тілдері күніне орай «Алаштың Ахметі» атты облыстық конференциясы болып өтті.

Мақсаты: А.Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық мұрасын насихаттау.

Конференция барысында Алаш қайраткерлері мен Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық мұрасы, қазақ әліпбиінің тарихы талқыланып,  «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы ғылыми баяндамалар мен мақалалар, зерттеу жұмыстары ортаға салынды.

Конференцияға профессор, Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, ҚР ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесіҚонтаев Сабит Сеитович, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы, Е.А.Бөкетов атыңдағы Қарағанды университеті археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., «Тұлғатану» ғ.з.о. директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна, Алматы қаласындағы А.Байтұрсынұлы музей-үйі, «Тіл-құрал» ОӘҒЗО директоры,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к – Имаханбет Райхан Сахыбекқызы,Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы  Жалмаханов Шапағат Шарапатұлы,мектеп басшылары, педагогтер, Ахметтанушы, алаштанушы жас ғалымдар қатысты.

Конференцияның пленарлық бөлімінде 5, үш бағытта жұмыс жасаған секциялық бөлімде 16 жұмыс тыңдалды. Әр бағыт бойынша арнайы сарапшылар қатысып, тыңдалған жұмыстар бойынша кері байланыс жасап отырды.

Конференцияға барлығы 700-ге жуық адам қатысты.