«DigitalPIRLS 2021» Онлайн-семинар
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қыркүйек айының 6-күні PIRLS-2021 негізгі зерттеуіне қатысатын қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, директорлары мен директорларының орынбасарлары, мектеп үйлестірушілері мен тест-әкімшілеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинарда негізгі бағыттар бойынша және PIRLS негізгі халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша digitalPIRLS үшін компьютерлерді дайындау бойынша ұсыныстар берілді