Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
09-09-2021 16:58
 Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қыркүйек айының 09-ы күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнді өткізу кестесіне сәйкес, тәжірибені жинақтау мақсатында Қарағанды, Теміртау қалалары және Жаңаарқа ауданы білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жетекшілік ететін әдіскерлері 2020-2021 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары және 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды.

Кеңеске 35-тен астам маман қатысты.