«Digital day» инновациялық педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күні
13-09-2021 17:34
«Digital day» инновациялық педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күні

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қыркүйек айының 13-і күні ZOOM платформасында бағдарламашының кәсіби күні аясында «Digital day» инновациялық педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күнін өткізді.

«Digital day» инновациялық педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күнін өткізу аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

  • «Ақпараттық қауіпсіздік» ашық сабағы;
  • «Халықаралық спорттық және білім беру робототехникасы. Жарыстарға дайындық кезінде оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру», «Ардуинода роботтарды қалай бағдарламалайды», «Үшөлшемді компьютерлік модельдеу», «Жергілікті желі», «Оқу процесінде Web-қосымшаларды пайдалану» тақырыптары бойынша шеберлік-сыныптар;
  • Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған информатика пәні бойынша «Жас-STAR» қашықтық олимпиадасы.

Сондай-ақ, «Қарағанды облысында IT кадрларын даярлаудың сұранысқа ие бағыттары» тақырыбында Елена Александровна Свердлова, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және Айсулу Рымбековна Боранбаева, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары сөз сөйледі.

Іс-шараға Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының 300-ден астам информатика мұғалімдері, зертханашылары, инженерлері, жүйелік әкімшілері қатысты.

Алдағы уақытта «Digital day»инновациялық педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күнін аудандық, қалалық деңгейлерде өткізу жоспарлануда.