Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығына тапсырмалар әзірлеу бойынша мастер-кластар
14-09-2021 10:31
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығына тапсырмалар әзірлеу бойынша мастер-кластар

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылғы 14 қыркүйекте бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығына тапсырмалар әзірлеу бойынша мастер-кластар өткізді. Халықаралық зерттеулерге дайындалу және халықаралық зерттеуге қатысушы мектеп мұғалімдері үшін функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында.

Мастер-класс өткізу барысында оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г. Жаркеева және Абай ауданының №10 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі И. Клигман оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған құзыреттілікке-бағытталған тапсырмалар, ашық, жабық түрдегі тапсырмаларды әзірлеуге тоқталды.