Қарағанды облысының жас мұғалімдеріне арналған «Жас- STAR» қашықтық олимпиадасының қорытындысы
16-09-2021 21:26
Қарағанды облысының жас мұғалімдеріне арналған «Жас- STAR» қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Инновациялық педагогикалық тәжірибені бөлісу күні аясында информатика пәнінен Қарағанды ​​облысының жас мұғалімдеріне арналған «Жас –STAR» олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада педагогикалық бағыттағы ең дарынды шығармашыл жастарды анықтауға бағытталған.

Облысымыздан  82 жас педагог қатысты. Олимпиада бағдарламалау бойынша бір турда өтті, бағдарламалау тілі еркін.

Олимпиаданың қорытындысы:

«Мәселелерді шешудегі жаңашыл тәсіл» номинациясы бойынша Осакаров ауданының №9 гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Федоров Юрий Владимирович;

-3 орын - Мұрагер мамандандырылған мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Тоғжанов Мади Бакытжанович;

- 2 орын - №3 білім-инновация лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Уалқан Еркебұлан;

-1 орын - Нығымет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп - интернатының информатика пәнінің мұғалімі Муслим Ертуған Махамбетұлы;

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!