Оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары
17-09-2021 08:10
Оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары

2021 жылдың 17 қыркүйек күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері «Оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» атты семинар көрсетті. Семинарда оқу сауаттылығының халықаралық зерттеуге дайындау жолдары ұсынылды. Оқу сауаттылығы бойынша бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын арттыру жұмыстары жан- жақты қарастырылды. Халықаралық зерттеу мониторингіне сәйкес оқушы бойында «Сауатты оқырман» дағдысын «Әдебиеттік оқу» пәнінде оқу мақсаттары мен ұштастыра отырып қалыптастыру туралы Аханова А.К. және сол оқу мақсаттарына қол жеткізуде қолдануға болатын тиімді әдіс- тәсілдермен Кашкынбаева Н.Ш. бөлісті.

Аятбекова Д.Е. өзінің «Pirls зерттеуіне дайындық» таңдау курсының әдістемелік кешенін таныстырып, бір сабақтан үзінді көрсетіп, әдеби мәтінмен жұмыс түрлерін практика жүзінде жасатты. Ахметова А.С. пандемиялық жағдайда шектеу шаралары кезінде оқушы бойында қашықтықтан оқыту платформалары арқылы оқу сауаттылығын қалыптастырудың бірнеше жолдарын ұсынды. Ақпараттық мәтінмен жұмысты кіріктіріп, қашықтықтан оқыту платформаларының ішінен мәтінмен жұмыс жасау алгоритмдерін ұсыну арқылы семинарға қатысушылармен мәтінді ойын арқылы талдатты.

Семинар соңында семинарға қатысушалар ой- пікірлерімен бөлісіп ризашылықтарын білдірді.