Педагог-психологтардың облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
20-09-2021 08:02
Педагог-психологтардың облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2021 жылдың 20 қыркүйегіндеҚарағанды облысының мамандандырылған мектеп-интернаттары педагог-психологтарымен облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыс барысында ОӘБ жұмысын 2021-2022 оқу жылына жоспарлау талқыланды. Педагог-психологтың құжаттамасын жүргізу, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, мектеп ортасында буллингтің алдын алу мәселелері қаралды.