Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 қыркүйек күні облыстық «Ауыл - қала» жобасының жүзеге асырылуы бойынша облыстық семинар өткізілді.
21-09-2021 16:39
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 қыркүйек  күні облыстық  «Ауыл - қала» жобасының жүзеге асырылуы   бойынша облыстық  семинар  өткізілді.

           Семинар  бағдарламасына  сәйкес  № 1 «Білім – инновация» лицей – интернаты,  Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты    «Ақтоғай ауданының мектептерімен «Ауыл –қала» жобасын жүзеге асыру: проблемаларды шешу тетіктері, мүмкіндіктері мен келешегі», «Н.Нұрмақов  атындағы  мамандандырылған  мектеп – интернаттың   желілік қоғамдастығының  Шет ауданы мектептерінің мұғалімдеріне  заманауи мектеп талабына сай  әдістемелік көмек көрсетуде атқарылған іс-шаралары» тақырыптарында  атқарылған  жұмыстары  бойынша  іс-тәжірибелерімен  бөлісті және  Шет  ауданының  әдістемелік  кабинетінің әдіскерлері  аудан мектептерінде «Ауыл-Қала» жобасы бойынша   жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен  таныстырды. Жобаны  жүзеге  асыру  барысында  анықталған  мәселелерді  шешу  жолдары  көрсетілді.

            Заман  талабына  сай  ауыл  мен  қала  ынтымақтастығына бағытталған   жаңа оқу жылында атқарылатын  жұмыс  жоспары ұсынды. Семинар  қорытындысында  ұсыныс – пікірлер  айтылды.