ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША 1-МОДУЛЬ СЕМИНАРЫ
24-09-2021 15:22
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ  МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША 1-МОДУЛЬ СЕМИНАРЫ

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылы 24 қыркүйек облыстың жалпы білім беру мектептерінде  директордың оқу-тәрбие жұмысы, ақпараттандыру және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары үшін ZOOM платформасында  онлайн режимінде мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша 1-модуль семинарын өткізді.

Семинарда оқу процесін қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілерін жоспарлау, ұйымдастыру мен өткізу тәртібі, мазмұны мен әдістері, негізгі түрлері мен формалары, қаралатын орны, мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыруды мектепішілік бақылау туралы қарастырылды.

Семинарға барлығы – 51 адам қатысты.