WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатына дайындық бойынша онлайн-кеңес
28-09-2021 10:14
WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатына дайындық бойынша онлайн-кеңес

2021 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 15.00-де WorldSkills Karaganda өңірлік чемпионаты жеңімпаздарының WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатына қатысуға дайындығының ұйымдастырушылық және ағымдағы мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті.

Кеңеске қатысушылар: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, WorldSkills Karaganda өңірлік чемпионатының құзырет орталықтары өкілдері мен бас сарапшылары.

Қарағанды облысы білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бастығы Абенова Қ.Г. WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатына қатысуды ұйымдастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Одан кейін, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Т.Г. Нартова және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ТжКББ бөлімінің әдіскері М. С. Төлекова WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатына қатысудың ағымдағы мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша шешім қабылданды:

облыс колледждеріне

  1. 31 құзырет бойынша қатысуға кандидатураларды қамтамасыз ету және растау;
  2. WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатына қатысушылардың ілеспе құжаттарының пакетін қамтамасыз ету.