Размер шрифта:
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 қыркүйек күні «Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптардың білім сапасын арттыру» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
29-09-2021 11:50
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 қыркүйек  күні  «Шағын  жинақты  мектептердегі  біріктірілген  сыныптардың  білім сапасын  арттыру»   тақырыбындағы  облыстық  семинар  өткізілді.

           «Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген  сыныптарда  оқу  үрдісін тиімді  әдіс-тәсілдерді  пайдаланып ұйымдастыру  арқылы  сапалы  білім  беру» мақсатында  өткізілген   семинарда  Ұлытау ауданының білім  бөлімінің әдіскері  Абдипаттаева Г.О. аудан бойынша шағын  жинақты мектептермен жұмыстардың   жүргізілу барысымен таныстырды, ал   ЖББ № 11 мектеп  директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары Тлеуова  Ш. Д., № 12  негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тельбаева А.Б., № 8 ЖББМ-тің физика пәні мұғалімі Оразбаева Г.Х.,   ЖББ № 2  мектептің орыс тілі,әдебиеті пәні мұғалімі Укенова Б.А. «Шағын   жинақты  мектептегі  біріктірілген  сыныптарда  біртақырыпты  сабақтарды  ұйымдастыру  ерекшеліктері», «Бастауыш сыныпта біріктірілген  математика сабағын өткізу ерекшеліктері мен проблемалары және оны шешу жолдары» (2+3), «Шағын жинақталған мектепте физика пәнін  ұйымдастыру тәсілдері» (7+8), «Русский  язык  и  литература  в совмещенных  классах  малокомплектной   школы» (5+6)  тақырыптары  бойынша  іс-тәжірибелерімен  бөлісті.   

              Семинар  қорытындысында  ұсыныс – пікірлер  айтылды. Семинарға  100  педагог  қатысты.