«Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптарда оқу үрдісін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып ұйымдастыру арқылы сапалы білім беру» мақсатында өткізілген семинарда Ұлытау ауданының білім бөлімінің әдіскері Абдипаттаева Г.О. аудан бойынша шағын жинақты мектептермен жұмыстардың жүргізілу барысымен таныстырды, ал ЖББ № 11 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тлеуова Ш. Д., № 12 негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тельбаева А.Б., № 8 ЖББМ-тің физика пәні мұғалімі Оразбаева Г.Х., ЖББ № 2 мектептің орыс тілі,әдебиеті пәні мұғалімі Укенова Б.А. «Шағын жинақты мектептегі біріктірілген сыныптарда біртақырыпты сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері», «Бастауыш сыныпта біріктірілген математика сабағын өткізу ерекшеліктері мен проблемалары және оны шешу жолдары» (2+3), «Шағын жинақталған мектепте физика пәнін ұйымдастыру тәсілдері» (7+8), «Русский язык и литература в совмещенных классах малокомплектной школы» (5+6) тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында ұсыныс – пікірлер айтылды. Семинарға 100 педагог қатысты.