Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
30-09-2021 15:33
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қыркүйек айының 30-ы күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнді өткізу кестесіне сәйкес, тәжірибені жинақтау мақсатында Қаражал қаласы, Осакаров және Ұлытау аудандарының білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жетекшілік ететін әдіскерлері 2020-2021 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары және 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды.

Сонымен қатар, мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Балқаш қаласының білім бөлімінің әдіскері Мухаметжанова Жайнагуль Саденовна, Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің әдіскері Шахан Еламан, Теміртау қаласының білім бөлімінің әдіскері Досмагамбетова Камшат Жамсаповна Қарағанды облысында білім берудің оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Кеңеске 35 маман қатысты.