Эстетикалық бағыт мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысы
![Эстетикалық бағыт мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысы](/media/img/blogs/615e816a54532.png)
2021 жылдың 6 қазанында эстетикалық бағыт мұғалімдерінің облыстық шығармашылық тобының «Эстетикалық сауаттылық апталығын» ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша отырысы өткізілді.
Эстетикалық сауаттылық апталығы 2021 жылдың 11-16 қазаны аралығында облыстың барлық мектептерінде өтеді.Апталық аясында өткізілетін іс - шаралар педагогтердің және оқушылардың жаһандық құзыреттіліктерің, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Отырысқа көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.