Эстетикалық бағыт мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысы
06-10-2021 11:12
Эстетикалық бағыт мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысы

   2021 жылдың 6 қазанында эстетикалық бағыт мұғалімдерінің облыстық шығармашылық тобының «Эстетикалық сауаттылық апталығын» ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша отырысы өткізілді.

        Эстетикалық сауаттылық апталығы 2021 жылдың 11-16 қазаны аралығында облыстың барлық мектептерінде өтеді.Апталық аясында өткізілетін іс - шаралар педагогтердің және оқушылардың жаһандық құзыреттіліктерің, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

        Отырысқа көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.