2021 жылдың 26 қазанында Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының № 101 мектеп-лицейімен бірге Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Мақсаты:ғылыми бағытта ізденіс жасап жүрген педагогтерді анықтау және қолдау, қоғамның назарын білім берудің заманауи мәселелеріне аудару.
Конференция барысында білім беру саласындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының өзектілігі, жаңартылған білім беру мазмұны: мәселелер мен шешімдер, білім берудегі жаңашыл технологиялар және оның маңызы, мектеп кітапханасының білім берудегі рөлі талқыланады.
Барлық ұстаздарды «Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүр мен жаңашылдық» конференциясына белсене қатысуға шақырамыз!