Размер шрифта:
Анонс
26-10-2021 16:15

2021 жылдың 26 қазанында  Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының № 101 мектеп-лицейімен бірге  Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық  конференция өткізеді.

Мақсаты:ғылыми бағытта ізденіс жасап жүрген педагогтерді анықтау және қолдау, қоғамның назарын білім берудің заманауи мәселелеріне аудару.

Конференция барысында білім беру саласындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының өзектілігі,  жаңартылған білім беру мазмұны: мәселелер мен шешімдер, білім берудегі жаңашыл технологиялар және оның маңызы, мектеп кітапханасының білім берудегі рөлі талқыланады.

Барлық  ұстаздарды  «Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүр мен жаңашылдық» конференциясына белсене қатысуға шақырамыз!