Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған вебинарлар
06-10-2021 17:49
Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған вебинарлар

      Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау жұмыстарын жетілдіру және сапасын арттыру, сондай-ақ консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы колледж әдіскерлері үшін келесі тақырыптар бойынша 2 вебинар өткізді:

- «Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы жұмысының алгоритмі», 2021 жылдың5 қазанында;

- «Білім беру ұйымының сараптамалық кеңесінің жұмыс алгоритмі», 2021 жылдың 6 қазанында.

Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша вебинарларда Облыстық сараптамалық Кеңестің хатшысы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Г.С.Сәрсекеева сөз сөйлеп, қызмет алгоритмі бойынша толық түсіндірме берді және вебинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Вебинарға облыстың барлық 68 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысты.