2015 жылдың 19 қарашасында Қарағанды теміржол колледжінде «Кәсіби өсу мектебінің» «Ерекше педагогикалық назар аударуды талап ететін студенттермен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбындағы» кезекті семинары өтті. Семинардың қатысушылары Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары.
Семинардың бірінші бөлімін Қарағанды теміржол колледжінің педагог-психологы Р.Р. Байкадамова жүргізді. Психологтар ерекше педагогикалық назар аударуды талап ететін студенттермен жүргізілетін жұмыс түрлерін тәжірибелік тұрғыдан қолданды.
Семинардың екінші бөлімінде Көп салалы гуманитарлы-техникалық колледжінің педагог-психологы Т.Ю. Шапавалова студенттерді түрлі секталарға тартып, үгіттеген кезде түрлі айла-амалдарға түсіп қалмауы үшін психологиялық беріктілікті қалай қалыптастыру керектігі жайлы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар Қарағанды теміржол колледжінің оқытушысы П. В. Филипчук Ехеl бағдарламасының психологиялық диагностика жүргізуге ыңғайлы тұстарын көрсетіп, мүмкіндіктері жайлы баяндады. Психологтар өз қызметтерінде математикалық статистиканы қолданудың бір қатар дағдыларын меңгерді.