Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
07-10-2021 16:04
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қазан айының 7-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнді өткізу кестесіне сәйкес, тәжірибені жинақтау мақсатында Қарқаралы және Шет аудандарының білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жетекшілік ететін әдіскерлері 2020-2021 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары және 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды.

Сонымен қатар, «ОКоо» білім беру платформасының төрағасы                        А. М. Сейфуллин қатысты.ҚО ББД ОӘО және «Digital Education Technologies» ЖШС жоспарға сәйкес 2021 жылдың 12 қазанында педагогтерге «ОКоо» онлайн білім беру платформасын қолдану бойынша оқыту жүргізіледі. 20 қазанда оқушылардың «ОКоо» онлайн білім беру платформасына оқушыларды енгізу және қолдану бойынша оқыту жоспарлануда.

Кеңеске 26 маман қатысты.