«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Парасаттылық және әдеп» (5 сынып) курсы бойынша оқыту семинары
13-10-2021 13:02
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Парасаттылық және әдеп» (5 сынып) курсы бойынша  оқыту семинары

      2021 жылдың 13 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, «Парасаттылық және әдеп» курсының педагогтеріне онлайн режимде «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында 5-сыныпқа арналған «Парасаттылық және әдеп» таңдау курсы бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында «Парасаттылық және әдеп» курсының мазмұны, оқыту әдістері мен нысандары қаралып, Қарағанды қаласы «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ курстың жүзеге асырылуы бойынша өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Барлығы 100 адам қамтылды.