Тілдік емес мамандықтардың студенттеріне арналған «Полиглот» облыстық интеллектуалды ойыны
15-10-2021 16:09
Тілдік емес мамандықтардың студенттеріне арналған «Полиглот» облыстық интеллектуалды ойыны

     2021 жылдың 15 қазанында «Полиглот» облыстық интеллектуалды ойынының 2 кезеңі онлайн режимінде өтті. Іс-шара студенттердің коммуникативтік және тілдік дағдылары мен біліктерін  дамыту және жетілдіру мақсатында, облыстық тәрбие жұмысының Кешенді жоспары аясында өткізілді.

Ойынның ұйымдастырушылары - «Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК мен «Қарағанды ​​жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Қатысуға өтінімдерді облыстың колледждерінің 29 студенті берді, әр колледжден - бір қатысушы. 2 кезеңге 12 қатысушы өтті.

Ойынның 4 турының қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:

1 орын - Кульжабаева Арайлым, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық колледжінің студенті;

2 орын - Бакен Мейир, Қарағанды ​​жоғары политехникалық колледжінің студенті;

3 орын - Нурахмет Кундызай, Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенті.

Жүлдегерлер I, II, III дәрежеліДипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.