2021 жылдың 15 қазанында «Полиглот» облыстық интеллектуалды ойынының 2 кезеңі онлайн режимінде өтті. Іс-шара студенттердің коммуникативтік және тілдік дағдылары мен біліктерін дамыту және жетілдіру мақсатында, облыстық тәрбие жұмысының Кешенді жоспары аясында өткізілді.
Ойынның ұйымдастырушылары - «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК мен «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.
Қатысуға өтінімдерді облыстың колледждерінің 29 студенті берді, әр колледжден - бір қатысушы. 2 кезеңге 12 қатысушы өтті.
Ойынның 4 турының қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
1 орын - Кульжабаева Арайлым, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық колледжінің студенті;
2 орын - Бакен Мейир, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті;
3 орын - Нурахмет Кундызай, Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенті.
Жүлдегерлер I, II, III дәрежеліДипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.