«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» (7 сынып) курсы бойынша оқыту семинары
15-10-2021 02:49
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» (7 сынып) курсы бойынша  оқыту семинары

      2021 жылдың 15 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсының педагогтеріне онлайн режимде «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында 7-сыныпқа арналған «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» таңдау курсы бойынша оқыту семинары өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Семинар барысында курстың мазмұны, оқыту әдістері мен нысандары қаралып, Теміртау қласының келесі педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Нургалиева Куралай Акназаровна, Теміртау қаласы «№9 лицей» КММ директоры

Абдикаримова Айнур  Опабековна, Теміртау қ.,

№9 лицейі директорының ОІЖ орынбасары

Абдрасилова Салтанат Нуридиновна, Теміртау қ., №9 лицейінің педагог-психологі

Ибримова Гулжан Шалабаевна,  Теміртау қ., Ғабиден Мұстафин ат.ЖББМ, педагог-психологі.