Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясында онлайн біріктірілген ашық сабақ
19-10-2021 14:44
Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясында онлайн біріктірілген ашық сабақ

      2021 жылдың 19 қазанында онлайн-форматта «Сфера, шар және олардың элементтері. Шардың көлемі. Кондитерлік өндірісте геометриялық фигураларды қолдану» тақырыбындағы біріктірілген ашық сабақ өтті. Бұл іс-шара облыс колледждерінің математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында өткізілді.

Бағдарламаға сәйкес, біріктірілген ашық сабақты «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ математика оқытушысы Коробко В. Ю. және арнайы пәндер оқытушысы Вдовина В. В.  өткізді.

Сабақтың мазмұны, формалары мен әдістері мақсатқа жетуге ықпал етті және кәсіби бағытта, тәжірибеге бағытталған сипатта болды.

Шараға облыс колледждерінің 54 математика және физика оқытушылары қатысты.