2021 жылдың 20 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн режимде «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында оқу сауаттылығын арттыру мақсатымен нетворкингтер өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Нетворкинг барысында «Сабақ үрдісінде мәтінмен жұмыс жасау кезінде оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында Бұқаржырау ауданының педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Шабыкеева Несыпбала Жолдыхановна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Кейкенова Карлыгаш Нисаповна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ ӘБ жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі
Набиева Алмагуль Абдрашитовна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.