Размер шрифта:
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің ғылыми-практикалық конференциясы
22-10-2021 16:35
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің ғылыми-практикалық конференциясы

      2021 жылдың 22 қазанында«Білім беруді цифрлық түрлендіру: теориядан практикаға» Х Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Студент жастармен шығармашылық қарым-қатынастың өзекті формалары мен технологиялары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға «Сервис» бағыты бойынша 30 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік, «Саран техникалық колледжі» КММ.

Конференция қорытындысы бойынша бағалау критерийлеріне сәйкес келетін келесі 5 жұмыс анықталды:

1.    «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы топтарында біріктірілген оқыту технологиясын қолдану»,«Балқаш сервис колледжі» КММ әдіскері Досымбетова Бахытгуль Сабурбаевна;

2.    «Арнайы пәндер үшін көптілділік оқыту заманауи тәсіл»,«Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Айтжанова Арайлым Канатовна;

3.    «Арнайы пәндер сабақтарында студенттердің ойлау қызметін жандандыру»,«Балқаш сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Бейсембекова Айгуль Джурсиевна;

4.    «Колледж студенттерінің коғамдағы орны»,«Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Амангелдиева Молдир Кунанбайкызы;

5.    «Пәнаралық интеграция - оқуға деген ынтаны арттыру құралы ретінде», «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ оқытушысы Вдовина Валерия Викторовна.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.