2021 жылдың 22 қазанында«Білім беруді цифрлық түрлендіру: теориядан практикаға» Х Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Студент жастармен шығармашылық қарым-қатынастың өзекті формалары мен технологиялары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға «Сервис» бағыты бойынша 30 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік, «Саран техникалық колледжі» КММ.
Конференция қорытындысы бойынша бағалау критерийлеріне сәйкес келетін келесі 5 жұмыс анықталды:
1. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы топтарында біріктірілген оқыту технологиясын қолдану»,«Балқаш сервис колледжі» КММ әдіскері Досымбетова Бахытгуль Сабурбаевна;
2. «Арнайы пәндер үшін көптілділік оқыту заманауи тәсіл»,«Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Айтжанова Арайлым Канатовна;
3. «Арнайы пәндер сабақтарында студенттердің ойлау қызметін жандандыру»,«Балқаш сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Бейсембекова Айгуль Джурсиевна;
4. «Колледж студенттерінің коғамдағы орны»,«Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Амангелдиева Молдир Кунанбайкызы;
5. «Пәнаралық интеграция - оқуға деген ынтаны арттыру құралы ретінде», «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ оқытушысы Вдовина Валерия Викторовна.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.