2021 жылдың 22 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн режимде «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында оқу сауаттылығын арттыру мақсатымен нетворкингтер өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Нетворкинг барысында «Оқушылардың сыныптан тыс уақытта оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған әр түрлі мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында Бұқаржырау ауданының педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Толеутаева Жанар Ныгметовна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Коржинбаева Айзада Капановна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Махтабекова Айжан Тауеловна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.