2021 жылдың 22 қазанында Жезқазған технология және сервис колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арнап «Креативті оқытудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді.
Аталған шараның мақсаты - жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін, іскерлік дағдысын арттыру және тәжірибемен бөлісу.
ZOOM платформасы арқылы өткізілген семинарға облыс колледждерінің 100 жас педагогтері қатысты.
Жезқазған технология және сервис колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері Шәгіл Н.Д., Сейтқали А. Ө., Конырбаева Г. А., Юсинбаев М.О., Құдасбаева Ж.М. креативті оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолданудың тиімділігі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.