26 қазан Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы аясында «Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Ғани Бейсембаев; Е.А.Бөкетов атыңдағы Қарағанды университеті археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., «Тұлғатану» ғ.з.о. директоры Нұрсахан Бейсенбекова; профессор Сәбит Қонтаев; Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы Серікбай Оспанов; Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің қызметкері Назгүл Шектыбаева; «Bolashaq» академиясының профессоры Мауен Хамзин; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ оқытушысы Мархаба Тұрсынова; «Өрлеу» БАҰО оқытушылары Газиза Смагулова мен Гүлнар Ибрагимова; Шет ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дат Бакаев; «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айтбай Жұмағұлов; №101 мектеп-лицейінің директоры Раиса Кенешова.
Конференция барысында Ыбырай Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұрасы талқыланды. Облыс педагогтері жаңартылған білім беру мазмұнының мәселелері мен шешімдерін, білім берудегі инновациялық технологияларды және олардың маңыздылығын, оқу үрдісіндегі мектеп кітапханасының рөлін қозғайтын қызықты жобалар мен жұмыстарды ұсынды.
Конференцияның құрметті қонақтары мен қатысушыларына танытқан қызығушылығы мен белсенді жұмыстары үшін алғыс айтамыз!