2021 жылдың 27 қазанында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөліміоблыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас әдіскерлеріне арналған «Жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында орыс тілінде оқыту өткізді.
Оқытудың мақсаты - облыстың жас әдіскерлерінің құзыреттілігі мен ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру..
Бекітілген бағдарламаға сәйкес тыңдаушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:
- Даму стратегиясы және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі нормативтік-құқықтық актілер;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының әдіскерінің функционалдық міндеттері;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының әдіскерінің негізгі құжаттамасы;
- Педагог қызметін әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру нысандары (әдістемелік кеңес, консультациялар, МӘК басшыларымен жұмыс, Жас педагог мектебі);
- Колледждің әдістемелік қызметін психологиялық сүйемелдеу.
Аталған тақырыптар бойынша дәріскерлер ретінде жетекші және тәжірибелері облыстық ұйымдардың директорларының орынбасарлары, әдіскерлер мен педагог-психологтар шақырылды:
- Аглиулина Ю.М., «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК әдіскері;
- Капанова И. Х., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
- Кашина Е.А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК әдіскері;
- Кнашина А.А., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ТжКББ бөлімінің меңгерушісі;
- Козлова Е.О., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы.
Оқытуға 25 әдіскер қатысты.