ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ЕКІНШІ МОДУЛЬ
2021 жылдың28 қазанда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін онлайн режимде Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінде мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша екінші модуль оқыту семинарын өткізді.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: оқу-жоспарлау құжаттамасының жағдайына талдау жасау, ақпараттандыру бойынша жадынамаларға талдау жасау, мектепішілік бақылау қорытындысы бойынша талдамалық анықтамалар жасау, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін проблемаларды анықтау және шешу жолдарын анықтау. Семинарға 16 адам қатысты.