2021 жылдың 28 қазанында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ТжКББ бөлімі Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Идеялар калейдоскопы: «Табысты жағдай жасау педагогтардың танымдық мотивациясын, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі оқытуды арттырудың белсенді түрлерінің бірі» тақырыбындағы практикалық семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты: шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті, педагогикалық менеджментті дамытуға бағытталған өзара байланысты шаралар жүйесі ретінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.
Бағдарламаға сәйкес жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлер келесі тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды:
- «Wordwall платформасы- интерактивті жаттығулар сервисі.Электр тізбектерін құруға арналған Electric circuit studio тренажер бағдарламасы», Зорикова Л.Ф., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
- «Интерактивті мазмұнды құру жолдары», Мадиева К.Қ., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
- «Discord бағдарламасы», Жарылғап М.С., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
- «СДО iSpring Learn», Шалгынбай Г.Ж., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
- «Google сервистері арқылы сабақты жоспарлауды автоматтандыру», Абикенов Д.А., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
- «Arduino негізінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау кезінде кіріс мониторингін автоматтандыру», Кошкинова Н.А., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
- «netboard.me платформасында цифрлық білім беру ресурсын әзірлеу», Оськина Н.Н., «Қарағанжы теміржол колледжі» КММ әдіскері;
- «ПАДагогикалық доңғалақ - цифрлық білім беру технологияларының құралы ретінде», Бахтыбаева А.Т., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ оқытушысы;
- «Ағылшын тілі сабақтарындағы Web-ресурстар», Нуржанова А.Г., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ оқытушысы;
- «Кадр құрамын есепке алу бойынша әдіскердің жұмысын автоматтандыру», Алишева Р.К., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ инклюзивті білім беру бойынша әдіскері;
- «Әдістемелік қызметте ақпараттық ресурстарды пайдалану», ДаткинаК.К., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ әдіскері.
ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 73 педагогы қатысты.
Семинар жұмысын қорытындылаған кездегі кері байланыс колледж педагогтерінің инновациялық әдістер мен тәсілдерді жоғары деңгейде меңгергендігін және оларды оқу процесінде белсенді қолданатындығын көрсетті.