Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтары мен студенттеріне арналған «Қазақстанның Тәуелсіздігі - Мәңгілік елдің ұлы тарихы» тақырыбындағы облыстық қашықтық конфер
29-10-2021 22:44
 Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтары  мен студенттеріне арналған «Қазақстанның Тәуелсіздігі - Мәңгілік елдің ұлы тарихы» тақырыбындағы облыстық қашықтық конфер

      2021 жылдың 29 қазанындаZOOM платформасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның Тәуелсіздігі - Мәңгілік елдің ұлы тарихы»   тақырыбында ТжКББ  педагогтары мен студенттеріне арналған облыстық қашықтықтан ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: қазақстандық патриотизмді, тарихи өткенді мақтан тұтуды тәрбиелеу, қазақ мемлекеттілігі дамуының негізгі тарихи кезеңдерін ұғыну, қазіргі қазақстандық қоғам дамуының перспективалары мен бағыттарын айқындау.

Конференция жұмысы барысында келесі міндеттер орындалды: жеке тұлғаны Қазақстанның жалпыұлттық құндылықтарына бағдарлаудағы өзекті мәселелер талқыланды; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрудағы тарихи рөлдері айтылды; Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі жетістіктері мен табыстары  көрсетілді.

Конференцияға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттерінің 74 ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды.

Өткізілген конференцияның қорытындысы бойынша педагогтар мен студенттер сертификаттармен марапатталды. Конференция материалдарының жинағын электронды түрде шығару жоспарлануда.