«WorldSkills Kazakhstan 2021» - шеберлікке апаратын қадам!
02-11-2021 15:08
«WorldSkills Kazakhstan 2021» - шеберлікке апаратын қадам!

      1 қарашадан бастап 18 жарыс алаңында Нұр–Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларында «WorldSkills Kazakhstan 2021»-VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.

Биылғы жылы еліміздің 17 аймағынан 450-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 18 байқау алаңында 30-негізгі және серіктестердің алаңында 40-тан аса қосымша құзыреттіліктер (мамандықтар) бойынша бақ сынайды. Байқауға қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

Қарағанды облысында WorldSkills чемпионаты екі колледжде өтеді: Қарағанды технология және сервис колледжінде «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша, ал Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Тақтайшалармен қаптау» құзыреттілігі бойынша жарыстар өтеді.

1 қарашадан бастап «Сән технологиясы» бағыты бойынша жарыстарға дайындық жұмыстары басталды. Әр түрлі облыстардан 14 команда қатысып, жұмыс орындарын анықтау мақсатында тіркеуден өтіп және жеребе тартылды. Ертең, 3 қарашада чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өткен соң, жарыстар басталады.

Жастарды кәсіптік бағдарлау мақсатында чемпионатқа мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық серіктестер, кәсіпорындардың қызметкерлері мен еліміздің барлық өңірлерінен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады.