«WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионаты аясында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша байқаудың ашылу салтанаты
03-11-2021 14:38
«WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионаты аясында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша байқаудың ашылу салтанаты
      Бүгін, 3 қараша «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша VI Республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2021» кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы салтанаты өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, білім басқармасының және ҚО ББД ОӘО өкілдері, «Талап» КЕАҚ, колледждердің педагогтері мен студенттері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, сайыс Қарағанды технология және сервис колледжінде өтуде. Чемпионаттың облыстық кезеңдерінің 14 жеңімпазы медаль ұтып алуға күресу үшін Қарағандыға келді.
Салтанатты рәсім ҚР Білім және ғылым министрінің алғы сөзімен басталды:
- Баршаңызды чемпионаттың басталуымен құттықтаймын. Бірнеше жыл бұрын біз WorldSkills әлемдік қозғалысына қосылып, бірінші жылы қатысып 50-ші орынға ие болдық. Бүгінгі таңда біз әлемдік рейтингтегі позициямызды едәуір күшейтіп, 14-ші орынды иеленіп отырмыз. Бұл үлкен жетістік, бірақ біз алдымызға бұдан да жоғары міндеттер қоюымыз керек. Келесі жылы халықаралық чемпионат Шанхайда өтетін болады. Біз техникалық және кәсіптік білім берудің үздік командалары мен жүйелерінің алғашқы ондығына кіруіміз қажет. Мен біздің студенттерге сенемін. Сіздерге табыс, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін, - деді Асхат Аймағамбетов.
Таяудағы үш күн ішінде жарыстар жалғасатын болады, олардың қорытындылары желтоқсан айында «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімінде жарияланады.