2021 жылдың 4 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Күзгі мектеп жұмысы аясында орыс мектептері мұғалімдері үшін «Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптардың оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері»тақырыбында шеберлік – сыныптары өткізілді.
«Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптарда оқу үдерісін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып ұйымдастыру арқылы сапалы білім беру» мақсатында Бұқаржырау ауданының Ботақара және Т.Бигельдинов атындағы ЖББ мектептердің мұғалімдері Кабжанова Г.С., Куатбекова А.С.; Нұра ауданының Пушкин атындағы НОМ мұғалімдері Макенова А.С., Манапова С.С. 3+4 және 7+8 біріккен сыныптар бойынша орыс тілі, алгебра, география пәндерінен шеберлік-сыныптарын өткізді. Мұғалімдердің шеберлік – сыныптары өте тартымды, сауатты, оқытудың әр – түрлі тәсілдері пайдаланылып өткізілді, қорытындысында кері байланыс жасалынып, ұсыныстар айтылды.
Күзгі мектеп жұмысына барлығы 85 педагог қатысты.