Размер шрифта:
Оқушының жеке даму траекториясы - тұлғаның өсу шарты
12-11-2021 22:29
Оқушының жеке даму траекториясы - тұлғаның өсу шарты

      2021 жылдың 12 қарашасында Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Оқушының жеке даму траекториясы - тұлғаның өсу шарты» атты облыстық онлайн-семинар өтті.

Семинардың мақсаты: «Жеке оқу тракториясы арқылы тұлғаны дамытуға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде өзін толық жүзеге асыруға, әр баланың зерттеушілік-шығармашылық қабілетін, қызығушылығын, қажеттілігін қанағаттандырып, жетілдіруге жағдай жасау».

          Семинар аясында мектеп педагогтері оқыту жүйесіндегі өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  1. «Жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау» Ибраева З.Ж., Н.Нұрмақов атындағы ММИ директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары;
  2. «Құндылықтарға негізделген білім» Байдүйсен Б.А Н.Нұрмақов атындағы ММИ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  3. «Тұлғаның жеке даму траекториясы» Ержанова А.Е, мектеп психологы;
  4. «Эссе жазу дағдылары негізінде даму траекториясын зерделеу» Сулейменова А.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  5. «LS  -  оқушының табысты дамуының трамплині» Темирова А.А., орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
  6. «География пәнін PBL негізінде оқыту» Тулешова К.А., география пәні мұғалімі;
  7. «Развитие функциональной грамотности учащихся посредством решения задач международных» Нипрук Е. В., математика пәні мұғалімі;
  8. «Лингвистикалық капитал» Викторов В.В., ағылшын тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  9. «Биолигия пәні бойынша жеке тұлғаны дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер» Дүйсенбаев А.Т., биология пәні мұғалімі.

Барлығы 87адам қамтылды.