Оқушының жеке даму траекториясы - тұлғаның өсу шарты
2021 жылдың 12 қарашасында Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Оқушының жеке даму траекториясы - тұлғаның өсу шарты» атты облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинардың мақсаты: «Жеке оқу тракториясы арқылы тұлғаны дамытуға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде өзін толық жүзеге асыруға, әр баланың зерттеушілік-шығармашылық қабілетін, қызығушылығын, қажеттілігін қанағаттандырып, жетілдіруге жағдай жасау».
Семинар аясында мектеп педагогтері оқыту жүйесіндегі өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:
- «Жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау» Ибраева З.Ж., Н.Нұрмақов атындағы ММИ директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары;
- «Құндылықтарға негізделген білім» Байдүйсен Б.А Н.Нұрмақов атындағы ММИ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- «Тұлғаның жеке даму траекториясы» Ержанова А.Е, мектеп психологы;
- «Эссе жазу дағдылары негізінде даму траекториясын зерделеу» Сулейменова А.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- «LS - оқушының табысты дамуының трамплині» Темирова А.А., орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
- «География пәнін PBL негізінде оқыту» Тулешова К.А., география пәні мұғалімі;
- «Развитие функциональной грамотности учащихся посредством решения задач международных» Нипрук Е. В., математика пәні мұғалімі;
- «Лингвистикалық капитал» Викторов В.В., ағылшын тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
- «Биолигия пәні бойынша жеке тұлғаны дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер» Дүйсенбаев А.Т., биология пәні мұғалімі.
Барлығы 87адам қамтылды.