ТжКОББ ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясындағы облыстық семинар
2021 жылдың 15 қарашасында «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларыныңоблыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында онлайн семинар өтті.
Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтарқаралды:
- Оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын талаптар туралы (Оспанова А.К., «Қарағанды облысында білімберуді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері);
- Өзін-өзі тану пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі (Садуакасова Ж.С., «Қазахмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ оқытушысы);
- Рухани-адамгершілік өсудің 12 сатысы» (Алмешова А.А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы).
Семинар барысында әдістемелік өнімдерді Облыстық сарапшылық кеңестің қарауына ұсыну тәртібі және өзін-өзі тану пәні оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселелері де талқыланды.
Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 42 оқытушысы қатысты.