Мамандандырылған мектеп-интернаттар педагогтері арасындағы "Жыл мұғалімі" конкурсының облыстық кезеңі
16-11-2021 15:50
Мамандандырылған мектеп-интернаттар педагогтері арасындағы

2021 жылдың 16 қарашасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың педагогтері арасындағы облыстық байқаудыңекінші кезеңі басталды. Байқаудың бірінші күні үш мектептің қатысушылары сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізді:

Көшербаева Балауса Ақатқызы – «Дарын»  ММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Қауланов Мағжан Айтбайұлы-Н.Нұрмақов атындағы ММИ информатика пәні мұғалімі.

Хамитова Алмагүл Хасенқызы – «Мұрагер» ММИ ағылшын тілі мұғалімі.

Байқауғақатысушылардың сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын қазылар алқасы келесі педагогтер құрамында бағалады:

  1. Абдикерова Б. Х. – Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры, төрайым;
  2. Давлетгариев Г. Ф. -  Қарағанды қаласының ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары;
  3. Дубирбекова К. Ш. - Балқаш қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің директоры;
  4. Жалелов А. А. - Қарағанды қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясының директоры;
  5. Кунедилова А. Д. - Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжіның  қазақ бөлімінің меңгерушісі;

6) Исатаев Д. К. - Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.