GEOINFO НАВИГАТОР
18-11-2021 14:16
GEOINFO НАВИГАТОР

      2021 жылы 18 қарашасынды Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетвркингте Бұқар жырау ауданың география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.

«Ресурстық орталық базасындағы Үштөбе ЖББМ» КММ, мұғалімі – М.З. Рустемов, «География сабағында қолданылатын тиімді платформалар» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Көктебе ЖББМ» КММ, мұғалімі – Б.А. Касанова, оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін жинақтады.

«Ресурстық орталық базасындағы Керней ЖББМ» КММ, мұғалімі – Б.С. Берикбаев, «География сабағында электрондық карта сызбаларды қолдану» деген жинағын ұсынды.

Барлығы семинарға қатысушылар саны 89 адамды құрады.