Размер шрифта:
2015 жылдың 3 желтоқсанында Қарағанды индустриалды-технологиялық орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
03-12-2015 08:09
2015 жылдың 3 желтоқсанында Қарағанды индустриалды-технологиялық орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

      Студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытуда оқытушылардың құзіреттілігін арттыру, орыс тілі сабағында медиаресурстарды қолдану, оқу үдерісіндегі түрлі деңгейдегі дифференциация негізінде студенттердің әдеби фунционалдық сауаттылығын арттыру үшін оқу-әдістемелік кешен құруға бағытталған, педагогикалық қызметті сүйемелдеуді жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 3 желтоқсанында Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінде «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

       Бірлестік отырысының аясында Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінің оқытушысы  Муфтаян Вера Ивановна «Рябина-судьбина горькая» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақты ОӘБ мүшелері өте жоғары бағалады.

      Сонымен қатар қызықты, әдеби-музыкалық композиция көрсетілді.

      Отырыс барысында функционалдық сауаттылық бойынша студенттер арасында өтетін облыстық олимпиаданың ережесі талданды.

      Отырыс соңында педагогтар өткізілген іс шара төңірегінде оң пікірлер қалдырды.