Студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытуда оқытушылардың құзіреттілігін арттыру, орыс тілі сабағында медиаресурстарды қолдану, оқу үдерісіндегі түрлі деңгейдегі дифференциация негізінде студенттердің әдеби фунционалдық сауаттылығын арттыру үшін оқу-әдістемелік кешен құруға бағытталған, педагогикалық қызметті сүйемелдеуді жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 3 желтоқсанында Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінде «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Бірлестік отырысының аясында Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінің оқытушысы Муфтаян Вера Ивановна «Рябина-судьбина горькая» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақты ОӘБ мүшелері өте жоғары бағалады.
Сонымен қатар қызықты, әдеби-музыкалық композиция көрсетілді.
Отырыс барысында функционалдық сауаттылық бойынша студенттер арасында өтетін облыстық олимпиаданың ережесі талданды.
Отырыс соңында педагогтар өткізілген іс шара төңірегінде оң пікірлер қалдырды.