Размер шрифта:
Колледждердің педагог-психологтарына арналған «Тіршілікті жобалау технологиялары» семинары
18-11-2021 16:38
Колледждердің педагог-психологтарына арналған «Тіршілікті жобалау технологиялары» семинары

      2021 жылдың 18 қарашасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының ОӘБжұмысы аясында «Тіршілікті жобалау технологиялары» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Қатысушылардын назарына «Проекциялардың түрлері» (Касым А.С., «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ педагог-психологы) – теориялық блок және «Өз болашағыңның проекциясын құру» (Жуковская Р.Е., «Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі»  ЖММ педагог-психологы)– практикалық блок-материалдарыұсынылды.

«Қарағанды ​​индустриалды-технологиялық колледжі» КММ педагог-психологыРомашков В.А. әріптестерімен «Шығармашылық – табысқа апаратын жол!» тақырыбында тренинг өткізді.

Жұмыстың нәтижелері бойынша студенттермен жеке консультациялар жүргізуде проекциялардың түрлері мен мәні бойынша білімді пайдалану ұсынылды.

Семинарға облыстың 50 педагог-психологы қатысты.