2021 жылдың 18 қарашасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының ОӘБжұмысы аясында «Тіршілікті жобалау технологиялары» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Қатысушылардын назарына «Проекциялардың түрлері» (Касым А.С., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ педагог-психологы) – теориялық блок және «Өз болашағыңның проекциясын құру» (Жуковская Р.Е., «Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖММ педагог-психологы)– практикалық блок-материалдарыұсынылды.
«Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ педагог-психологыРомашков В.А. әріптестерімен «Шығармашылық – табысқа апаратын жол!» тақырыбында тренинг өткізді.
Жұмыстың нәтижелері бойынша студенттермен жеке консультациялар жүргізуде проекциялардың түрлері мен мәні бойынша білімді пайдалану ұсынылды.
Семинарға облыстың 50 педагог-психологы қатысты.